• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2015

Ел ертеңін бүгін ойласақ ұтамыз

368 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің үндеуін қолдаған қазақстандықтардың Үндеу жолдады

Кеше Қазақстан Республикасы Парла­­­мен­ті Сенатының Төр­­аға­сы Қасым-Жо­март Тоқаев Конс­­титуцияның 72-бабын­ басшылыққа ала ­отырып, Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Президенті­­нің кезектен­ тыс сай­лауын тағайындау мәсе­­­лелері регламенттелген Респуб­лика Конс­ти­туциясының 41-ба­бының 3-1-тармағын ресми түсін­діру туралы үндеу жолдады.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа үндеу

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан Республикасы Пар­ламентінің Сенаты 2015 жылғы 14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастаманы толығымен қолдайды. Уақыт талабынан туындап отыр­ған бастама барша халықтың қызу қолдауына ие болып, қазақ­стан­дық қоғамда оң пікірлер туғызуда. Халықаралық ахуал шиеле­ніс­кен, әлемде қақтығысты жағ­дайлар туындаған және жаһан­дық экономикадағы дағдарыстық құбылулар орын алып отырған уақытта ішкі саяси тұрақ­­­­ты­лық қам­тамасыз етіліп, әлемнің ең да­мы­ған елдерінің тобына кіру мақ­сатында Сіздің «Қазақ­стан-2050» ұзақ мерзімді Стра­те­гия­ңызды, «Мәңгілік Ел» тұжы­рым­дамасын және «Нұрлы Жол» бағдарламасын табысты іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Сіздің дана әрі мықты көшбас­шылы­­ғы­ңыздың арқасында Қа­зақстан халқы елі­міздің қалып­тасуы мен дамуындағы барлық қиындықтарды абыроймен еңсере білді. Сіз тәуелсіздік жылдарында дамыған нарықтық экономикасы, халықаралық қоғамдастықтағы беделді ұстанымдары бар табысты мемлекет құра білдіңіз. Сондықтан да, қазақстан­дық­­тардың бүгінгі таңдағы бар­лық жетістіктерін: тұрақ­ты эко­номикалық өсуді, демо­кра­тияның дамуын, ұлтаралық келісім мен әлеуметтік игілігін Сіздің есіміңізбен байланыстыруы заңды. Қазақстан дамудың жаңа сатысына аяқ ­басуда. Осы орайда, белгіленген реформаларды одан әрі жүргізуге бағытталған Сіздің бағ­дарыңызды табысты жүзеге асырудың сөзсіз шарты болып табылатын тұрақ­тылықтың маңызы зор. Біз, Парламент Сенатының де­путаттары, кезектен тыс прези­дент­тік сайлау өткізу елімізде бейбітші­лік­ті, бірлік пен келісімді нығайту­ға ықпал ететіндігіне сенімдіміз. Аса құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, Сізден Қазақстан халқы Ас­самблеясы Кеңесінің бас­тамасын қолдап, кезектен тыс президенттік сайлауды белгілеу туралы мәселені қарас­тыруыңызды сұраймыз. Астана, 2015 жылғы 19 ақпан.

Жанашыр жүректен шыққан тілек

Президенттік сайлауды мер­зімінен бұрын өткізу туралы Қа­зақстан халқы Ассамблеясы Кеңе­сінің ұсынысын мен де толығымен қолдаймын. Ассамблея – бүгінде шын мәнінде кеңесе ойласып, кеңінен пішетін парасатты ұйым­ға айналып отыр. Сан алуан халықтың басы қосылған бұл ұйымның бізбен тілегі де бір, мақсаты да бір. Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы олардың бұл бастамасын да сондай жанашыр жүректен шыққан тілек деп қабылдадым. Қазіргі заман – шапшаң заман. Оның жылдамдығына, ек­пініне көпшілігіміз ілесе алмай жатырмыз. Ал Елбасының жаңашыл жылдамдығына іс-әрекет түгілі, сана жағынан да көш кейін қалып жатқанымызды жасырмаймыз. Сондықтан, тағы қайталаймын, мен бұл ұсынысты дер кезінде және көрегендікпен жасалған бастама деп санадым. Себебі, келесі жылы екі сайлау – президенттік және парламенттік сайлаулар қатар келіп отыр. Оның өзі қай жағынан болса да – экономикалық, саяси жағы болсын, үлкен күш-жігерді талап етеді. Соны алқындырмай, аптықпай, ел-жұртымызды шар­шатпай байыппен атқаруға да болмас па! Яғни, кең уақытта президенттік сайлауды ертерек өткізіп жіберген жөн екені сөзсіз. Елбасының тынымсыз қызметін, ел дамуы жолындағы ерен еңбегін, халқына деген зор ықыласын бәріміз жақсы білеміз. Оның үстіне, Елбасының жыл сайынғы Жолдауларының баршасы – үлкен даналықпен жасалған өміршең құжаттар. Олар еліміздің болашақ дамуын айқындайтын мемлекеттік ауқымды жобалар мен бағдарламалар. Соның бірі – «Нұрлы Жол». Аты айтып тұрғандай-ақ, «Нұрлы Жол» деген сөздің арғы жағында талай шаруа жатыр. Осы жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірін жалғастыратын жолдар салынады. Осылайша, даңғыл автобандар мен жаңадан салынатын жолдар еліміздің тұтастығы мен бірлігін сақтауға жұмыс істемек. Қазақта «жол азабы – көр азабы» дейтін аталы сөз бар. Сол жол азабынан құтқару, жолдардың өзі бірімен-бірі қатынасып жатқанда, Еуропа мен Қытайды, Оңтүстік пен Сол­түстікті, Шығыс пен Батысты бұрынғыдан да жақындастырып, алыс жатқан өңірлердегі өзара байланысты арттыру, ағайын-туысқанға барғанда даңғыл жолмен шаршамай барып-қайтуымыз – барлығы халық игілігі үшін жасалмақ дүниелер. Нәтижесінде жол бойындағы халыққа жұмыс табылады, жұмысы бар адамның тұрмысы да жақсармақ. Ал «Мәңгілік Ел» идеясы – бабаларымыз ықылым заманнан бері аңсап келе жатқан арманы еді ғой! Соның бәрі бүгінде жүзеге аса бастады. Кезінде Абылай хан: «Бар еді үш арманым, әттеген-ай, ел қылып, қала салып, біріктіріп кете алмадым», деп көкірегі қарс айырылып, өкініп кеткен екен. Бабалардың сол арманы, мінеки, бүгін орындалып жатыр. Арман болған заманның куәгерлері –сіздер мен біздер бақыттымыз. Шүкір дейік, барды көре білейік, қанағатшыл болайық, осыған жеткізген Аллаға мың да бір рахмет дейік. Сондықтан да, алда келе жатқан әлемдік қаржы-эконо­микалық дағдарыстың қыспағы кезінде, қауіп-қатері мол заманда еліміздің болашағының берік, Тәуелсіздігіміздің баянды болуын естен шығармайық. Ол үшін бұған дейін талай сыннан өткен, осы жылдар бойы елінің амандығы, жерінің тұтастығы жолында салиқалы да көреген саясат жүргізіп келген Елбасымызға жаңа мандат беріп, ықыласпен сенім білдірейік. Сәбит ОРАЗБАЕВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Сыртқы барлау ардагерлері де қолдайды

Біз, Қазақстан сырт­қы барлауының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Прези­дентін мерзімінен бұ­­рын сайлау тура­лы бас­таманы қолдаймыз! Әлемдік қаржы-эконо­­ми­калық дағдарыстың күшеюі мен күрделі халықаралық ахуал­дың ушығуы жағдайында кезек­тен тыс президенттік сайлау­дың өтуі уақыт талабына сәйкес келеді. Таяу Шығыс, Солтүстік Африка мен Ауғанстан-­Пәкіс­­тан аймақтарында күрделі ахуалдың келеңсіз түрде белең алуы салдарынан халықаралық терроризм мен діни экстремизм қатерлерінің одан әрі өршуі тұрғысында осындай шешімнің қабылдануы уақытқа сай және орынды жасалған қадам болып табылады. Бұл барлық қоғамды бірік­тіруге себепші болумен қатар, ұлттық қауіпсіздігімізді қамта­масыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдауды және сыртқы қатерлер мен тәуекелдерге назарларымызды айрықша аударуды талап етеді. Кезектен тыс өтетін прези­денттік сайлау еліміздің дамуына жаңа қосымша серпін беріп, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы мен «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясын және «Мәңгілік Ел» идеяларын тиімді жүзеге асыруға ұйытқы болатыны сөзсіз. Қазақстан сыртқы бар­лауының ардагерлері Ота­ны­мыздың орнықты дамуы мен серпінді ілгерілеуіне ба­ғытталған бастамаларды әр­қашан қолдап келеді және қолдай береді. Қазақстан Республикасы Президентін мерзімінен бұрын сайлау туралы ұсыныстың қазақстандықтар тарапынан қолдауға ие болатынына сенімдіміз. Жүкен МАРДЕНОВ, сыртқы барлау ардагері, «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, отставкадағы генерал-майор.

Орынды бастама – халықтың қамы

Қазақстан халқы Ассам­­блея­сының мүшелері Парламентте орынды бастама көтеріп, үндеу жолдады. Өйткені, келер жылы Конституциямызға сәйкес президенттік және парламенттік сайлаулар өтуі тиіс. Бұл – кезекті науқан емес, барлық халық үшін өте жауапты кезең. Оның үстіне экономикалық дағдарыс әлем халықтарын ойландырып тұрған кезеңде екі бірдей сайлау өткізу қиындық туғызады. Сондықтан, Елбасымызды биыл сайлап алып, сенім мандатын тапсыруымыз керек. Қа­зақ­­станда тұратын әртүрлі этнос­ өкілдерінің басым көп­ші­­лігі өз елінен зор­лықпен кө­ші­­рілді. Сонда бауырмал қазақ хал­­қының ­ба­уырынан сая тапты. Ал Мемлекет басшысы Н.На­зар­баев әрбір ұлтт­ың, ұлыстың Қазақстанда тең дәрежеде өмір сүруін қамтамасыз етті, қам­қор­лығын жасап келеді. Әр алуан дағдарыстардан Қазақстанды аман-есен алып шығып жатыр. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» мемлекеттік бағ­дарламасы халқымыздың алаң­сыз өмір сүруіне алғышарт жасау­да. «Былтыр экономикаға 1 трлн. теңге бөлінгенін тағы бір еске салып өткім келеді. Алдағы үш жылда 3 млрд. тең­геден бөлетін боламыз. Сондай-ақ, халықаралық қаржы инсти­туттарынан шамамен 10 млрд. тағы бар. Қазақстан үшін қан­дай қомақты қаржы бөлініп жатқа­нына назар аударыңыздар. Сіз­дердің алдарыңызда осы қаржыны игеріп, экономикаға бағыт­тау сынды үлкен міндет тұр. Әр министрдің, Үкімет мүшесінің, қала немесе облыс әкімдерінің және т.б. алдындағы үлкен міндет. Енді елестетіп көріңіздер. Осының бәрін Үкімет орталықтан бақылап, жұмыстың тоқтап қалмауын қамтамасыз етуі керек», деп атап өтті Мемлекет басшысы Үкіметте өткізілген кеңесте. Яғни, дүниежүзінде қандай қиыншылық болса да біздің халық таршылық көрмейді. Оның кепілі – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан да сайлауды биыл өткізу өте маңызды. Мемлекет бас­шысына стратегиялық бағдар­ламаны толығымен іске асы­руға мүмкіндік берілгендігін қалаймыз. Роза ПАК, №45 мектеп-гимназияның директоры, қалалық мәслихаттың депутаты. ШЫМКЕНТ.

Халқымызға қажет шара

Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел үшін ту­ған ұл, халқының қамқоршысы, Тә­­­­уел­сіз Қазақстанның негізін қа­лау­шы, әлем мойындаған ­саясаткер. Дүниежүзінде болып жатқан тұрақсыздық, дағдарыс, әртүрлі шиеленістерді естіп, көріп отырған қазақстандықтар егемен еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік тұрақты дамуын тек Елбасының есімімен байланыс­тырады. Есімде, 1998 жылдың күзінде Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысы кезеңінде де біз, Парламент депутаттары, Елбасына мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсыныс жасағанбыз. Ол да уақыт талабы болатын. Сол бір саяси шарадан Қазақстан халқы тек ұтысқа шықты. Еліміз­дің экономикалық қарқынды дамуы сол жылдардан басталғаны баршамызға белгілі. Қазір де саяси тұрғыдан «етек-жеңімізді жиып», осынау әлемдік дағдарыс кезінде экономикалық әл-ауқатымызға ерекше көңіл бөлетін сәт туып отыр. Алға қойып отырған мақ­сат­­тарымыз да ­орасан зор. Олар Ел­басы жарияла­ған «Нұр­лы Жол», «Қазақстан-­2050» бағдар­ла­­ма­лары, «Мәңгілік Ел» идеясы. Енді осыларды жүзе­ге асыру керек. Президенттік сайлау – елі­міздің саяси тұрақтылығы, хал­қымыздың бірлігі мен тірлігі, ын­тымағы мен беріктігі үшін қажет шара. Сондықтан да, Қа­зақ­станның Тұңғыш Прези­дентінен Қазақстан халқы Ассам­блеясы Ке­ңесінің мерзімінен бұрын пре­зиденттік сайлау өткізу тура­лы ұсынысына келісім беруін сұраймыз. Мұхамбет КӨПЕЕВ, қоғам қайраткері. АСТАНА.

Бейбіт тірлігіміз үшін керек

Қазақстанда тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың барлығы да бақытты жандар деп ойлаймын. Тек мен емес, олардың барлығы да  күн сайын теледидардан айналамыздағы елдерде болып жатқан берекесіздікті көріп, біліп отырыпты.  ХХІ ғасырда бейбіт тұрғындардың атыс-шабыстан  азап, зардап шегуі, мерт болуы қандай ақылға сыяды? Күйзелген адамдарға қарап, тұла бойың шымырлайды. Тұтас ел түгіл, бір отбасында бір күн ұрыс-керіс болса, береке кетеді. Кеңқолтық қазақ халқы «бір күн ұрыс болған үйден қы­рық күн ырыс көтеріледі» деген ғой. Отбасының берекесі шаңы­рақ иесіне байланысты. Сондай-ақ, елдің қандай болуы да Елба­сына, Көшбасшыға байланысты. Біз Қазақстанда  Елбасымыз Нұр­сұл­тан Назарбаевтың көреген, алыс­ты болжайтын саясаты­ның арқа­сында тату-тәтті өмір сүрудеміз. Қазақстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу бастамасын Қазақстан хал­қы Ассамблеясының Кеңесі көтер­ді. Мен оны  қолымды көте­ріп қолдаймын. «Нұрлы Жол – бо­лашаққа бастар жол» Жол­дауын­да және одан бұрынғы стра­тегияларда айтылған елді дамы­ту мәселелерінің барлығын Нұр­сұлтан Әбішұлы аяқтауы тиіс. Қазір қаржы-экономикалық дағдарыс әлемді тықсырып отыр. Біздің елімізде дағдарысқа қарсы шаралардың барлығы қолмен қойғандай жасалды. Халық ешқандай ауырлықты сезініп отырған жоқ. Президент қай нәрседен де үнемдеу, қаржыны шашпау мәселесін айтты. Бүгін оны әркім-ақ көңілге түйіп, етек-жеңін жинай бастады. Кәсіпорындар  жергілікті атқарушы билікпен меморандумға қол қойып, жұмыс орындарын жаппауды қарастырып жатыр. Соның барлығы да, ең алдымен, жұдырықтай жұмылған бірлігіміздің арқасы екен де. Мерзімінен бұрын сайлаудың өткені елдің  бірлігін бұрынғыдан да арттырады деп білемін.  Эргашвой ХОЛМЕТОВ, «Шарқ» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігінің президенті,  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. ҚОСТАНАЙ.

Елбасы  – елдіктің басты тірегі

Елбасы, Қазақстан халқы Ассам­блеясының Төрағасы Нұр­сұл­тан Назарбаев бір алқалы жи­ында: «Бір халық – бұл бар­лы­ғымыз үшін ортақ мүдделер. Бір ел – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Бір тағдыр – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен же­ңістер», деп біздің елімізде ұлт­аралық достық қатынастың қан­шалықты маңызды екенін атап көрсеткен-ді. Міне, осылай тату­лықты тірлігіміздің тірегіне айнал­дыра білгендіктен де көпұлт­ты мемлекетімізде ұлттар дос­тығы мен ел бірлігі барлық табыс­та­ры­мыздың негізіне айналып отыр. Қазақстан Республикасы – көпұлтты мемлекет. 17 миллион адамнан асқан еліміздің халқы 130-дан аса ұлттар мен ұлыс өкілдерінен тұрады. Олардың арасындағы татулық пен келісім еліміз үшін шешуші мәнге ие. Саяси тұрақтылықтың да тұғыры сол келісім мен татулықта болғандықтан, Елбасы да, ел билігі де бұл мәселені жіті бақылауда ұстайды. Ассамблеяның басты мақсаты – саяси жағдайларға болжам жасай отырып, қоғамды алауыздықтан сақтау. Яғни, азаматтарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлтаралық қатынасты нығайту. Алпауыт елдердің өзі абдырап отырған тұста,  Қазақстан халқы Ассамблеясы татулыққа ұйытқы бола білді. Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің үндеуін толық қолдаймын. Өйткені, Елбасы  – елдіктің басты тірегі. Өз басым Елбасымыздың төңірегіне топтасу – қиындықтарды еңсерудің сенімді кепілі екеніне толық сенімдімін. Президент бастамаларын қолдау – азаматтыққа сын.  Рамзан МАГОМАДОВ, «Вайнах» чешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі. Жамбыл облысы.